Блог статистикасы
195
Жазбалар
3546
Өтініштер
150358
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аудан әкімі



                                                    Жітіқара ауданының әкімі                                                                                                                      Ыбраев Абай Сәрсембайұлы 
                                                                   
                                           
                                           
                                           

Ибраев Абай Сәрсембайұлы 1974 жылғы 18 мамырда Челябі облысының Пласт қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1995 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын экономика және агроөнеркәсіп кешені салаларын басқару мамандығы бойынша бітірді. 

Институтты аяқтағаннан кейін 1995-2003 жылдар аралығында Жітіқара ауданы бойынша салық комитетінде салық инспекторы, есеп бөлімінің бастығы, ақпараттық қамтамасыз ету және есеп бөлімінің бастығы, салық комитеті төрағасының орынбасары, ұйымдастыру-құқық бөлімінің бастығы, аудит бөлімінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.

2003-2006 жылдар аралығында – «Жәрдем» ауылдық кредиттік серіктестігі ЖШС төрағасы.

2006-2010 жылдар аралығында – «Казкоммерцбанк» АҚ Жітіқара бөлімшесінің бастығы. 

2010-2011 жылдар аралығында – «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ экономика және қаржы бөлімінің бастығы.

2011-2014 жылдар аралығында - Жітіқара ауданы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары. 

2014 жылғы ақпаннан бастап - Қостанай облысы Лисаковск қаласының «Лисаковскгоркоммунэнерго» ПХО МКМ бас директоры.

2014 жылғы 28 тамыздан бастап Ұзынкөл ауданының әкімі.

2015 жылғы 28 қыркүйекте Қостанай облысы әкімінің өкімімен Жітіқара ауданының әкімі болып тағайындалды.

Отбасылы. Үш бала тәрбиелеп отыр.

Аудан аумағында Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының жоғары тұрған мемлекеттік органдардың басқа да актілердің орындалуын ұйымдастырады, облыс әкімінің аппаратымен, ауданнның халық шаруашылығы кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде облыс және аудан кәсіпорындарының, ұйымдарының мекемелерінің басшыларымен өзара іс-қимыл жасайды. "Қазақстан-2050": қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты"Стратегиясын ұйымдастырады және орындалуын бақылайды. Кадр саясатын жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша шаралар қолданады.   Мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына жауапты. 

Аудан әкімі орынбасарларының,Жітіқара қаласы,ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің жұмысын үйлестіреді.  

Аудан әкімдігінің, аудандық бюджет комиссиясының, Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы терроризимге қарсы комиссияның,Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның,Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөінндегі комиссияның, Жітіқара ауданының төтенше жағдайларын алдын алу, жою және азайту жөніндегі комиссияның,шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің,қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды ынталандыру жөніндегі комиссияның, Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніңдегі кеңестің, Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөіндегі кеңестің, кәсіпкерлікті дамыту жөніңдегі кеңестің қызметіне басшылық етеді.

 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы бойынша Ішкі істер департаменті Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-ММ), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы бойынша департаментінің Жітіқара қалалық бөлімшесімен, аудандыө прокуратурамен,Жітіқара кеден бекетімен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша ауданаралық бөлімімен, өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Заңнамаға сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асырады.              

Азаматтарды қабылдау: 
Жеке қабылдауға алдын ала жазылу № 10 кабинетте жүргізіледі, байланыс телефоны: 2-06-55.
байланыс телефоны 2-06-55 

Қабылдау бөлмесінің телефоны:2-33-16 

e-mail: zhitikara.kostanay.gov.kz

Жітіқара ауданы әкімі аппаратының орналасқан жері: Жітіқара қаласы,   6-шағын аудан, № 65-үй.

Сенім телефоны:4-91-77

хат жіберу