Блог статистикасы
195
Жазбалар
4291
Өтініштер
172201
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Биография

Ибраев Абай Сәрсембайұлы 1974 жылғы 18 мамырда Челябі облысының Пласт қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1995 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын экономика және агроөнеркәсіп кешені салаларын басқару мамандығы бойынша бітірді.  

Институтты аяқтағаннан кейін 1995-2003 жылдар аралығында Жітіқара ауданы бойынша салық комитетінде салық инспекторы, есеп бөлімінің бастығы, ақпараттық қамтамасыз ету және есеп бөлімінің бастығы, салық комитеті төрағасының орынбасары, ұйымдастыру-құқық бөлімінің бастығы, аудит бөлімінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеді. 

2003-2006 жылдар аралығында – «Жәрдем» ауылдық кредиттік серіктестігі ЖШС төрағасы. 

2006-2010 жылдар аралығында – «Казкоммерцбанк» АҚ Жітіқара бөлімшесінің бастығы.  

2010-2011 жылдар аралығында – «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ экономика және қаржы бөлімінің бастығы. 

2011-2014 жылдар аралығында - Жітіқара ауданы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары. 

2014 жылғы ақпаннан бастап - Қостанай облысы Лисаковск қаласының «Лисаковскгоркоммунэнерго» ПХО МКМ бас директоры. 

2014 жылғы 28 тамыздан бастап Ұзынкөл ауданының әкімі. 

2015 жылғы 28 қыркүйекте Қостанай облысы әкімінің өкімімен Жітіқара ауданының әкімі болып тағайындалды. 

Отбасылы. Үш бала тәрбиелеп отыр. 

хат жіберу