Блог статистикасы
195
Жазбалар
4944
Өтініштер
198254
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

  1) Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы,  Ищанов көшесі, 13

2) Электрондық мекен-жайы  jit-zem@mail.ru

3) Байланыс телефондары 871435 2-22-96, 4-90-32

4) Бөлім ережесі: 

1. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі  - Жер қатынастары бөлімі) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтарын тиімді іске асыруға көмек көрсететін, жер қатынастарын дамытудағы мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады,  мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Жер қатынастары бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Жер қатынастары бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Жер қатынастары бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Жер қатынастары бөлімінің орналасқан жері: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Ищанов көшесі, 13.

9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Жер қатынастары бөлімінің құрылтайшысы Жітіқара ауданының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады. Бөлімнің құрылтай құжаты осы Ереже болып табылады.

11. Жер қатынастары бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Жер қатынастары бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен «Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Жер қатынастары бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы

Әкімшілік лауазымның атауы

Бірліктер саны

Санаты

1

Басшы

1

E-R-1

2

Бас маман

1

E-R-4

3

Бас маман

1

E-R-4

Барлығы

3



3. Міндеттері мен қызметтері: 

Жер қатынастары бөлімінің міндеттері:

1) жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

2) жер заңнамасын, жерлердің пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыру бойынша аудандық өкілетті және атқарушы органдарының шешімдерін орындау, қолайлы экологиялық ортаны жасау және табиғи ландшафтарды жақсарту;

3) жер кадастрының жүргізілуін және аудан жерлері балансының құрылуын ұйымдастыру;

4) ауданның жер ресурстарының жағдайы туралы деректер банкісін құру, жүргізу;

5) жерлерді аймақтарға бөлуді ұйымдастыру;

6) мелекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру;

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді айқындау және/немесе шығару, мемлекеттік органның құзырына кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер атауын өзгерту тұрғысына заңнама мониторингі.

Жер қатынастары бөлімінің қызметтері:

1) аудан шекарасы шегінде иесі жоқ жер телімдерді анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

2) ауданның жергілікті атқарушы органының жер телімдерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

3) жер қойнауларын мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер телімдерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

4) мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

5) жер телімдерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

6) жеке меншікке сататын жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудан жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

9) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

10) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;

12) ауданның жерлер балансын жасау;

13) жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

14) жер теліміне сәйкестендіру құжаттарын беру;

15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің паспорттарын беру;

16) жер телімін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

17) іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер телімдерін пайдалануға ауданның жергілікті атқарушы органымен рұқсаттарды беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

19) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

20) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де қызметтер;

21) құзырына кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне өзгерістерді және/немесе толықтыруларды енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;

22) құзырына жатқызылған мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

23) өз құзыры шегінде гендерлік саясатты жүзеге асырады;

24) құзырына кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдарға мемлекеттік есептілікті және ақпараттық құжаттарды дайындайды және ұсынады;

25) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.


хат жіберу