Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
198015
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Амангелді ауданында қызметтік әдеп туралы

Қостанай облысында 2016 жылға арналған қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитін қалыптастыру кешенді жоспарын жүзеге асыру жалғасуда.

Үстіміздегі жылдың 9 тамызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті Амангелді ауданының әкім аппаратымен бірлесіп, «Қостанай облысының балалар және жастар ұйым қауымдастығы» ҚЗТ Амангелді ауданында «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбына ауданаралық дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты: құқықтарын қорғаумен айналысатын қызметкерлер мен азаматтардың заңды мүдделерін моральдық талаптарды арттыру, олардың қоғамдағы ерекше рөлін түсіндіру, имиджін және халықтың оларға деген сенімін нығайту. Дөңгелек үстелге баяндамамен Арқалық қаласы және Жангелдин ауданынан қатысушылар келді. Дөңгелек үстелдің жұмысына мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, сот, кәсіпкерлік субьектілері, ҮЕҰ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша әдеп кодексін тиімді пайдалану азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыруда ұсыныстар жасалды.

Мұстафина О.В. - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының бас маманы

хат жіберу