Блог статистикасы
195
Жазбалар
4944
Өтініштер
198257
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Құжаттарды автоматты ЖИС «Е-қызмет» енгізу

Осы жылдың 12 тамызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінде облыстық басқармалар кадр қызметі, қалалық және аудандық бірыңғай персоналды басқару қызмет өкілдерімен ЖИС «Е-қызмет» енгізу туралы жұмыс семинар-кеңес өтті.

Іс-шара барысында ЖИС «Е-қызмет» проблемалық мәселелер жайында сұрақтар талқыланды, ақпараттық жүйеде жұмыс барысында туындайтын қателерді жою бойынша ұсыныстар енгізілді.

Семинар барысында жақын арада кадр қызметкерлеріне ЖИС «Е-қызмет» жұмыс белсенділігін арттыру және мүмкіндігінше аталған қателерді жою, сондай-ақ жүйе жұмысында құжаттарды енгізу автоматты режимде ғана қамтамасыз ету жүктелді.

 

 

Д.Б. Ахметжанов - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас маманы 

хат жіберу