Блог статистикасы
195
Жазбалар
4939
Өтініштер
197136
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған дөңгелек үстел

Үстіміздегі жылдың 15 тамызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті Қостанай ауданының әкімі аппаратымен бірлесіп, «Қостанай облысының балалар және жастар ұйым қауымдастығы» заңды тұлғалардың қауымдастығы Затобол кентінде «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбына Наурызым, Сарыкөл, Мендіқара және Ұзынкөл аудандарының мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен ауданаралық дөңгелек үстел өткізді.  

Дөңгелек үстелдің жұмысына мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, сот, кәсіпкерлік субьектілері, ҮЕҰ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Е.Қ. Сармулдинов Ұлттық «100 нақты қадам» жоспарында көрсетілген кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру туралы 12 қадам аясында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әдеп кодексі қолданысқа енгенін атап өтті.

Әдеп кодексінің тиімді іске асыру тетіктерінің бірі «Әдеп жөніндегі өкіл» болып табылады, ол қызметкерлермен және онымен байланысты азаматтар әлеуетті мүдделер қақтығысы немесе басқа да әдеп проблемалар туындаған жағдайда кеңес алуға болатынын - мемлекеттік қызметші тоқталып кетті.

Еске салсақ, әдеп жөніндегі өкіл қызметін орындау Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Есімжан Жақсылықұлы Баймақановқа жүктелді. Қостанай облысының ғимараты нөмірі 615 кабинетінде Қостанай қаласы Әл-Фараби даңғылы, 66 үй мекен-жайы, 575-018 жұмыс телефоны  бойынша әрбір айдың екінші сәрсенбісінде қабылдау кестесі бекітілген.

 

Д.Б. Ахметжанов - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің  сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының бас маманы  

 

хат жіберу