Блог статистикасы
195
Жазбалар
4944
Өтініштер
198257
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚОСАР КӨПІР

2016 жылдың 24 тамызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызмет ардагерлері мен мемлекеттік қызметке тұңғыш рет түскен мамандар арасында диалогтық алаңша өтті. 

Жас мамандар еліміздің әділет министрлігінің вице-министрі болған, Сенат және Мәжіліс Парламентінің экс-депутаты С.М. Жалыбин сияқты және Амангелді райисполком халық депутаттарының төрағасы 

қызметін атқарған М.А. Қасымов, Ішкі саясат басқармасының басшыларының бірі болған Т.С. Жақыпова және Қостанай қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ю.А. Харьяков сияқты тұлғалармен пікір алмасып, өмірлік және қызметтік біліктілігін ортаға салды. Осылайша мемлекеттік қызметте тажірибесі мол тұлғалардың өмір жолы жас мамандарға үлкен әсер тигізді. 

Кездесу барысында ардагерлер жастарға өз талап – тілектерін білдіріп, келешекте қызметте адал еңбек етуді тіледі.

Қорытындысында департамент басшысы Берген Беспалинов кездесуге қатысушыларға, мемлекеттік қызмет ардагерлеріне алғыс білдіріп, еліміздің дамып, көркеюіне үлкен үлес қосқандығнерекше атап кетті.

О.В. Мустафина - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының жетекші маманы

 

хат жіберу