Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
198183
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қоғамдық қабылдау «Азаматтық бақылау» жобасы шеңберінде

2016 жылдың 9 тамызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай облысының «ГрИн» ҚҚ Азаматтық альянсімен бірлесіп, «Азаматтық бақылау» жобаcын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әдеп кодексі салаларындағы заңнамаларынды талаптарын орындау сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдаудың ресми ашылуы өтті.

Рәсім барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушысы Ә.М. Досекенов сөз айтты, жобаны қолдау сөзімен мемлекттік қызмет қайраткері Ю.А. Харьяков және Қостанай қаласының қоғамдық кеңес басшысы М.Қ. Жұрқабаев білдірді. Қостанай облысының «ГрИн» ҚҚ Азаматтық альянсінің төрайымы Д.К. Өтебаева қоғамдық қабылдаудың қызметі мен уақыт тәртібі туралы айтты.

Қоғамдық қабылдаудың ашылуынан соң бірден бірнеше азаматтардан сұраныс келді. Мысалы, Орзабаева Ляззат қарт адамдарға арналған мәдени іс-шаралардың болмауы туралы мәселені көтерді, Марина Бошкова колледж студенті жұмыс тәжіребиесіз мемлекеттік қызметке түсуі жайында сұрақ қойды, зейнеткер Ахменов Еділбай Жәлелұлы мединициналық сақтандыру және тегін медициналық қызмет көрсету көлемі жайында қызықты.

Барлық қатысушылар өздерінің сұрақтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша басшысының міндетін атқарушысы Ә.М. Досекеновтен және Қостанай облысының «ГрИн» ҚҚ Азаматтық альянсінің төрағасы Д.К. Өтебаевадан алдын -ала жауаптарын алды. Нақты және толық жауаптар әр азаматтарға жазба түрінде беріледі.

Еске салсақ, Қоғамдық қабылдау: Қостанай қаласы , 1 май көш., 151 үй, каб. 8а мекен-жайы бойынша орналасқан. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма (сенбі,жексенбі демалыс), 09.00-18.00 сағ., түскі үзіліс 13.00-14.00.

Мұстафина О.В. - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының бас маманы

хат жіберу