Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198303
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Сыбайлас жемқорлықсыз ел - гүлдеген ел

Осы жылдың 11 тамызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушысы Ә.М. Досекенов «Сыбайлас жемқорлықсыз ел-гүлдеген ел» тақырыбына дөңгелек үстел шеңберінде «Банк ЦентрКредит» АҚ Қостанай филиалының ұжымымен кездесті.

Іс-шара аясында Ә.М. Досекенов ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі ережелерін, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» механизмдерінің жүзеге асуы туралы кездесу қатысушыларын хабардар етті.

Сондай-ақ, Ә.М. Досекенов сыбайлас жемқорлықты алдын алудың жаңа тетіктері азаматтық қоғам, бизнес, квази және жекеменшік секторларын кеңінен тартумен құқықтық қарым-қатынастардың барлық салаларында енгізілгендігін атап өтті.

Тындалған ақпарат тындаушылар арасында қызығушылық танытты және банк қызметкерлері мемлекетпен жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына қолдауда ниетін білдірді.

Д.Б. Ахметжанов - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас маманы

хат жіберу