Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198359
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Алтынсарин ауданындағы кездесу

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Беспалинов Б.М., Департамент басшысының орынбасары Досекенов Ә.М. Алтынсарин ауданына барып қайтты.

Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала мамандарымен және аудан тұрғындарымен кездсу барысында Департамент басшысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» заңдары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің негізгі ережелері, мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.

Сонымен қатар, өзінің сөз сөйлеуінде басшының орынбасары Досекенов Ә.М. конкурс үрдісіндегі өзгерістер, сынақ мерзімінің ұлғайғаны, тестілеу бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты.

Беспалинов Б.М. айтуынша, заңдар Мемлекет басшысының «100 нақты қадамды» жүзеге асыру аясында кәсіби мемлекеттік аппарат құруға, мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіруге және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша әсерлі іс-шаралар қолдануға бағытталған.

Сонымен қатар, Обаған ауылдық округі әкімі аппаратының ұжымымыен кездесіп, мемлекеттік органның қызметімен танысты.

 «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында жеке сұрақтар бойынша азаматтардың қабылдауы өткізілді. Департамент басшысы барлық сұрақтарға заңнамаларға сәйкес жауап берді.  

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің 

Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы

 

хат жіберу