Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
198179
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қазақстан халқының бірлік күніне орай салтанатты жиналыс

2016 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінде Қазақстан халқының бірлік күніне орай салтанатты жиналыс өтті.

Жиналысқа Департамент басшысы, басшының орынбасарлары, басқарма басшылары және мамандары қатысты.

Департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Беспалинов Б.М. Департамент ұжымын бірлік мерекесімен құтықтап, Қазақстан халқының бірлік күні – қоғамдағы татутлықты, түсінушілікті нығайтып қоғамда бейітшілік орнатуға бағытталған достық меркесі екендігін айтып кетті. Сондай–ақ Департамент басшысының айтуынша елімізде 150-ден астам өзге ұлт өкілдері өмір сүрсе де, арасында өзара татулық және парасаттылық үстемдігі орнатылған, бұл  бірлік мерекесінің басты мақсаты болып табылатынын Департамент басшысы айрықша белгіледі.

Сонымен қатар, салтанатты жиналыс барысында депаратмент мамандары бірлік күнінің пайда болу тарихына тоқталып, Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының құрылу тарихын ортаға салды. Аталған тақырып бойынша баяндаманы Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Болат Р.С. тоқталып кетті.

 

Евгений Бедыч - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының жетекші маманы

 

хат жіберу