Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198359
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«БІРІНШІ СТУДИЯмен» БАЙЛАНЫСТА

А.ж. 16 маусымында «Қазақстан Қостанай» облыстық телеарнасындағы «Бірінші студия» бағдарламасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Ә.М. Досекенов қатысты. «Бірінші студия» телебағдарламасы диалог форматында тікелей жұмыс істейтін аналитикалық теледидар шоу.

Бағдарлама барысында студия қонағы еліміздегі мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы жаңадан қабылданған заңдарға, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер Әдеп кодексіне тоқталып кетті. Сонымен қатар Ә.М.Досекенов жемқорлықты алдын алуға бағытталған жемқорлық тәуекелдерін талдау, жемқорлыққа қарсы мониторинг сияқты заңдағы жаңа енгізулер туралы толығырақ тоқталып өтті, министрліктің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін талдау саласын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мониторингі туралы қызметін түсіндірді.

Ә.М.Досекенов айтуынша, бүгінде мақсатты топтары үшін арнайы оқыту бағдарламалары арқылы білім беруду іске асыру, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылды нығайту маңызы зор болып табылады.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің  сыбайлас жемқолықты алдын алу басқармасы

 

хат жіберу