Блог статистикасы
195
Жазбалар
5033
Өтініштер
203454
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Данияр Усенов - «Конституция Қазақстан халқына ең бастысы-таңдау құқығын берді»

Қазақстан Республикасының Конституция Күні-жыл сайын елімізде 30 тамызда мерекеленетін аса ерекше мемлекеттік мерекелердің бірі. 1995 жылы дәл осы күні Қазақстан халқы жаңа Конституция жобасын бекіткен жалпыұлттық референдум өтті. Бұл Қазақстанмен тәуелсіз мемлекет құрудағы басты кезеңдерінің бірі болды.
Конституция мемлекеттің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының еркіндігін, басты құндылығы адам, оның өмірі, құқығы, бостандығы болып табылатын мемлекеттің бекітілуіне талап білдіреді.
Тәуелсіз Қазақстанның өміріндегі бұл кезең мемлекеттілікті жоғарыға итермелейтін елеулі жағдай болды. Сонымен қатар, «Қазақстанға сапалы, заманауи мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымын құру» старатегиялық міндеті тұрды. Азаматтардың өркендеуін қамтамасыз ететін саяси жүйе қалыптастыру, ұлттық қызығушылықтарды қадағалайтын мемлекет құру.
Демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы негізі мемлекеттік қызметшілер болатын сапалы мемлекеттік аппаратсыз мүмкін емес. Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі мемлекеттік органдар қызметінің сапалылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік аппараттың кәсібилігі. Бүгінгі таңда,  Қазақстандағы әкімшілік реформа дамуының жаңа сатысына өтті. Оның шаралары мемлекеттік басқару үрдістерін жетілдіруге және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, кәсібилілікті жоғарылатуға, мемлекеттік аппарат қызметінің нәтижелілігіне бағытталған. Конституциямен әрбір азаматтың мемлекеттік қызметке тең құқығы анықталған.
Кез келген өзге заманауи мемлекет сияқты Қазақстан Республикасының да ойдағыдай дамуының қажеттілігі басқарудағы жаңа әдістерін, мемлекеттік қызметте жоғары білікті кадрларды қолдануды талап етеді. Дәл солар халықтың билікке сенімін арттырып, демократиялық құндылықтардың одан әрі нығаюын, реформалардың нәтижелілігін, әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің тұрақтылығын қамтамасыз етуі қажет.
Қазақстандағы мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуы 90-жылдары көптеген қиыншылықтарға, соның ішінде жемқорлыққа тап болған, оның мемлекеттілігінің құрылу тарихымен байланысты. Жемқорлық мемлекеттік қатарға кері әсерін тигізе бастады.  Халықтың сенімін бұзып, нарықтық экономиканың дамуына қауіп тудырды. Осылайша, тәуелсіздік арайында мемлекеттік құрылыстың мәселелері елімізге маңызды ұғымға ие болды. 1995 жылғы Конституцияда бұл әлеуметтік кеселге төтеп берудің  негізі қаланған.
2007 жылы түзетулер қабылдау арқылы Конституция тағы да бір артықшылық – көп ұлтты халықтың бірігуі мен ортақ азаматтық қоғамның, ортақ қазақстандық ұлттың құрылуымен толықты. Енді барлық қазақстандықтар ұлттық және конфессионалдық құрылымынан тәуелсіз саяси шешімдер қабылдау үрдісіне тікелей әсерін тигізе алады және олардың пікірі ескерілетініне сенімді бола алады. Бүгінде Конституция қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің нышаны. Халық басты орында адам мен оның бостандығы бірінші орында тұратын еркін мемлекетте өмір сүреді. 2015 жыл Қазақстан үшін айтулы күндерге толы – қазақ хандығының 550 жылдығы, ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. Бұл жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы. Осындай қысқа мерзімде көп істер атқарылды. Біз, бұрынғы кеңес үкіметінің көптеген елдерін артта қалдырып, алысқа қадам бастық. Әрине, бұл барлық жетістіктер Қазақстан үшін қиын кезеңдерді жеңе білген халыққа тиесілі. Сондықтан, 20 жылдық тәжірибе бізді көп нәрсеге үйретті және Конституцияның құндылығы уақытпен тексерілген. Конституция мемлекеттің тәуелсіздігін бекітіп,  еліміз бен қоғамға беріктік берді. Ол мемлекеттік дизайнның негізгі құқықтық параметрлерін қалап, сапалы мемлекеттік басқару мен тұрақтылықтың кепілі болды. 

хат жіберу