Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
198179
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Еңбек инспекциясы басқармасындағы дәріс

2016 жылдың 16 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі А.Б.Искендиров қатысуымен «Қостанай облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ семинар өтті. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі туралы заңнамаларына түсініктеме берді.

Өз сөз сөйлеуінде А.Б. Искендиров атап өткендей, жаңа кодекс барлық мемлекеттік қызметшілерді қамтитын күнделікті өмірде тәжірибелік  нұсқаулық сипатына ие болды, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда меритократия және қорғаныс механизміне айналды. Бұл мемлекеттік органдардың қоғамдық сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз қылықтарын ескертуге бағытталған. 

Евгений Бедыч – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының жетекші маманы 

хат жіберу