Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
198100
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Кадрлар бәрін шешеді

Үстіміздегі жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Берген Беспалинов төрағалығымен персоналды басқару қызмет, департаменттер мен инспекция басқармаларының қызметкерлерінің қатысуымен «Персоналды басқару қызмет күні» атты семинар өтті.

Семинардың мақсаты бірінші институционалдық реформаны жүзеге асыру, мемлекеттік  қызметшілерді бағалаудағы проблемалық мәселелері, мемлекеттік қызметшілерді оқыту және қайта даярлау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау ережелері, сондай-ақ «Е-қyzmet» ақпараттық жүйесінің жұмысы туралы болды.

Семинар соңында жиналғандар мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін өз ұсыныстарын жария етті. Практикалық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы практикада қолдану туралы парақшалар әзірленіп және оларды күнделікті жұмыста пайдалану үшін таратылды.

 

Евгений Бедыч - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының жетекші маманы 

хат жіберу