Блог статистикасы
195
Жазбалар
4939
Өтініштер
197564
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мемлекеттік қызметшілер футбол алаңында күш сынасты

2016 жылғы 17-18 маусымда Қостанай ауданының «Затоболец» аланында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті шағын футболдан облыстың мемлекеттік қызметшілері арасында облыстық турнир өткізді. Бұл күндері аланда барлық аймақтан 30 топ бәсекелесті. Олардың арасында қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының, облыстық басқармалардың, аумақтық департаменттер мен инспекциялардың мемлекеттік қызметшілері болды. Іс-шара 23 маусым мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуіне арналып отыр.

Облыстық турнирдің ашылу рәсімінде Департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Б. Беспалинов құттықтап, жарыс қатысушыларына табыс, әділ ойын мен жеңіс тіледі.

Топтардың кездесуі қаланың төрт спорттық алаңында бір уақытта өтті. Қатысушылар алты құрамадан бес топқа бөлінді.

Аталған спорттық турнирлер мемлекеттік қызметшілердің айтуынша үлкен танымалдылыққа ие, сондықтан да, әркім онда ынтамен ат салысады. Оқиғаның ауқымдылығы да аса ескеріледі. Қатысушылар ұзақ уақыт ішінде бірінші рет осынша топ бірге жиналғандығын жасырмады. Турнирге барлығы 300-ге тарта адам қатысты.

Екікүндік ойындар нәтижесінде жарыстың жартылай финал және финалында біріншілікке ұмтылған турнирдің жеңімпаздары анықталды. Жарыстың басты арбитрінің финалды ысқырығымен турнир жеңімпазы Жітіқара ауданы әкімдігінің тобы Қостанай ауданы әкімдігі тобын жеңіп жеңімпаз атанды. Үшінші орынды жоғары жауынгерлік рух пен техникалық ойын көрсеткен Рудный қаласының құрамасы ие болды.

Мемлекеттік қызметшілер қатаң дресс-кодты спорттық киімге алмастыра алатын, осындай турнирлер жыл сайынғы игі дәстүрге айналмақ. Себебі, спорт тәртіпке ғана үйретіп қоймай, ұжымдарды біріктіреді. 

Евгений Бедыч – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының жетекші маманы 



хат жіберу