Блог статистикасы
195
Жазбалар
4944
Өтініштер
198257
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру өңірлік орталығында кездесу

Үстіміздегі жылдың 8 маусымында Қостанай облысы әкiмдігінің "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру өңірлік орталығында" (әрі қарай - ӨОО) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ә.М.Досекенов, Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы А.С. Куликова, Қостанай облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторинг бөлімінің меңгерушісі Э.Е. Ағажанова, сондай-ақ ӨОО тәжірибелік лекторлар мен қызметкерлері қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілердің бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған семинарлар оқу бағдарламасын дамыту сұрақтары талқыланды, ішкі бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына жауаптылар. Семинар барысында өзекті тақырыптарды оқу жоспарына қосу, сондай-ақ тәжірибелік және көшпелі оқу өткізуге ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша, семинар бойынша оқу жоспарын әзірлеу және аталған жоспарды 2016 жылдың 2 тоқсанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жоспарына енгізуге шешім қабылданды. Евгений Бедыч – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының жетекші маманы
хат жіберу