Блог статистикасы
195
Жазбалар
5033
Өтініштер
203435
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

45 минут сыбайлас жемқорлық туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен облыстық мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған   түсіндіру жұмыстары жалғасуда. 

Сәуірдің 25-26 күндерінде Қостанай қалалық №№ 6, 22 және 115 орта мектептерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының мамандары ашық сабақ жүргізді. Е.С. Бедыч бастаған дәріс шеңберінде мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлықтың  қоғамға деген жағымсыз әсеріне тоқталып, алдағы уакқытта қоғамдық зұлымдыққа жол бермеу шараларын қолдануға шақырды.

Мемлекеттік қызметшілердің айтуынша, бүгінгі күні мемлекеттің жемқорлыққа қарсы жасалатын шаралар тек жартылай әсер береді, сондықтан осы қастерлі көріністі жою мақсатында мемлекет пен қоғам бірігіп, жұмыс істеуі қажет деген пікір білдірді.

 

Евгений Бедыч  - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының жетекші маманы

 

 

хат жіберу