Блог статистикасы
195
Жазбалар
5033
Өтініштер
203462
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Нұр Отан» партиясының Қостанай аудандық филиалындағы 5 өтініш

Үстіміздегі жылдың 5 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.М. Беспалинов «Нұр Отан» партиясының Қостанай аудандық филиалында жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.  

Мемлекеттік қызметкерге түрлі сұрақтармен бес адам үндеді. Берген Беспалинов азаматтардың сұрақтарына жауап беріп және олардың ұсыныстарын тыңдады.

Кеңес алған азаматтар мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап, қоғамдық қабылдау шараларын тұрақты негізде жүзеге асыру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қажет екендігін білдірді. Өз кезегінде мемлекеттік қызметшi мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында барлық келіп түскен өтініштер, ескертулер мен ұсыныстар ескеріліп, содан кейін пайдалануға мемлекеттік органдарға ұсыныс ретінде жолданатынын азаматтарды сендірді.

Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдаудан кейін, Департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.М. Беспалинов «Нұр Отан» партиясының Қостанай аудандық филиалының ұжымымен кездесіп, оның барысында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» жаңа Заңының негізгі ережелерін, мақсаттары мен міндеттерін және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін түсіндірді. 

Евгений Бедыч - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының жетекші маманы 

хат жіберу