Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198258
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қостанай мектептеріндегі «біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» сынып сағаттары

Біз сыбайлас жемқорлық туралы не білеміз? Оның салдары мен зияны қандай? Оған қалай қарсы тұруға болады және онымен кездескенде өзіңді қалай қорғауға болады? Осы және өзге де сұрақтарға жуырда қостанайлық оқушылар жауап алды.

Жастар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдерімен қалалық мектептер мен жоғарғы оқу орындарының оқушыларымен үнемі түрде сынып сағаттары мен лекциялар өткізуде.

 17 ақпанда  Қостанай қаласының № 4 және №11 орта мектептерінің оқушылары мен мұғалімдеріне мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық, оның зиянды салдары туралы айтып, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына нақтырақ тоқталды.

Мемлекеттік қызметшілердің айтуынша – «Патриоттық сезімді, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы жас кезден бастау керек, себебі жастар  мемлекеттің негізгі қозғаушы күші болып табылады».

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер мектеп басшылықтарына осындай сынып сағаттарын өздеріне өткізуді ұсынды.

Кездесу соңында Департамент өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетті.  

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің 

Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы


 


 

хат жіберу