Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
198009
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

қостанайда кезекті әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті

Үстіміздегі жылдың 4 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінде кезекті Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті. Осы уақытта Кеңес екі жаңа мүшемен Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Джаманбалин Қадырғали Қоңысбайұлы және Қостанай облысының әділет департаментінің басшысы Ерімбетов Бауыржан Серікбайұлымен толықты. Сондай-ақ, Қостанай облысының жаңа этика комиссары Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Баймақанов Есімжан Жақсылықұлы ұсынылды.  

Кеңес отырыс барысында 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру жоспарын Лисаковск қаласындағы мемлекеттік органдармен атқарылған іс-шаралар туралы мәселені талқылады. Бұл мәселе бойынша Лисаковск қаласының әкімі А.Е. Ысмағұлов ақпараттық есеп берді. 

Сонымен қатар, Кеңеспен «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сырттай шолу нәтижелерін қарастырды. Талдау нәтижелерін А.М. Шабденова сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының бас маманы жеткізді.

Отырыс барысында «Жітіқара ауданының әділет басқармасы» РММ басшысы Жүзбаева Г.Ф. қызметтік әдеп бұзу фактілері туралы және «Таран ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ басшысының м.а. Гаврильченко О.А. мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді бұзу фактілері туралы бірнеше тәртіптік істерге тоқталды. Кеңеспен осы тұлғаларға қатысты тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Сонымен қатар, отырыс барысында Қостанай облысы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияның талдау нәтижелері жарияланды, «Қостанай облысы әкімдігінің білім беру басқармасы» ММ,  «Қостанай ауданының әкімі аппараты» ММ, «Ұзынкөл ауданының әкімі аппараты» ММ персоналды басқару қызметімен қабылданған шаралар туралы есептері тыңдалды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департамнт басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Берген Беспалиновтың айтуынша «Мемлекеттік қызметшілер қарапайым, әділ, адал болуы тиіс, сыпайылық және дұрыстығын көрсету үшін азаматтар мен әріптестерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, өз іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарымен қоғам тарапынан сын туғызбауға тиіс» - деп қорытындылады Департамент басшысы. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы 

хат жіберу