Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
198101
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

ПІКІРТАЛАСТА АҚИҚАТ ТУЫНДАЙДЫ

Мемдекеттік қызметке деген  жастардың көзқарасы қандай? Сыбайлас жемқорлық қоғамға қандай әсер тигізеді? осы және басқа сауалдарға өткен сенбіде облыстың түпкір-түпкірінен жиналаған жастар қауымы, Азамат – мемлекеттің бір бөлігі атты пікірталас сайысы щеңберінде жауап іздеген болатын.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде бастама алған облыстық пікірталас сайысы ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастыруымен өтті.

Турнирдің негізгі мақсаты жастар арасында еліне, халқына деген патриоттық сезімді оятып, сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір көріністерін болдыртпау ұстанымына адал болу болып табылады. Аталмыш сайыс парламенттік пікірталас үйлесімімен өтті.

Департамент басшысының айтуынша – пікірталаста ақиқат туындайды, бүгін біз облысымыздың жастары арасындағы пікірталас қозғалысы дамып келе жатқанына көз жеткізіп отырмыз, ол келешекте жастар үшін маңызды рөл атқаратыны сөзсіз, өйтекні осы күннен бастап жас студенттер өз ойларын жинақтап жеткізе алатын болса, салдарында оң жолды таңдау мүмкіншлігі туындаған жағдайда дұрыс шешімге келетініне сенімдімін. Осы сайыстар әрі қарай  дәстүр ретінде қалыптасқанына үлкен үміт артам, сондықтан келекшекте ол тек облысымыздың талантты жастары ғана емес еліміздің бүкіл облыстар өкілдері қатысуына сенемін.

Жалпы сайыста 60 астам пікірталасшылар қатысып, соның ішінен 32 құрама команда құрылды. Нәтижесінде жүлделі орынға ие болған командалар марапатталды. Сонымен қатар үздік спикер мен үздік төреші номинациялары атанды. Олардың ішіне үздік спикер атағына ие болған Зейнолла Оразхан мен Нұрбек Қабдрахметов болса, үздік төреші атағына Ботагөз Аманжол мен Олжас Сөлейменов ие болған. Бірінші орынға Шәкәрім Серікбаев пен Зейнолла Оразхан бастаған «Елтаңба фракциясы» құрама командасы ие болды, сондай-ақ бірінші орынға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің құрама командасы да иеленді.

Сайыс жеңімпаздарына ҚР Мемлекетті қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының төрағасы Асхат Ескендіров марапаттау рәсімі шеңберінде алғыс хаттар мен жеңімпаз кубогін сыйға тартып қатысушларға аталмыш сайысқа қатысқандары үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта дәстүрлі додада ат салысуға шақырды. 

 

Евгений Бедыч – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының жетекші маманы

 

хат жіберу