Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
198095
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

РИИ студенттеріне мемлекеттік қызметке түсу туралы

Үстіміздегі жылдың 20 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Рудный индустриалдық институтының соңғы курс студенттері үшін «Мемлекеттік қызметке жоғары оқу орындар түлектерінің түсуі» тақырыбында кездесу өткізді.

Іс шара барысында Департамент басшысының орынбасары А.М. Досекенов институт түлектеріне мемлекеттік қызметке түсу үшін конкурс тәртібін, сондай-ақ тестіні өткізу тәртібін түсіндірді. Оқытушылар мемлекеттік қызмет имиджі мемлекеттік органдармен халыққа қызмет көрсету сапасына байланысты екендігін назар аударды: ол әрі қарай мемлекеттік қызметшілердің әдеп мінез-құлығын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік органдарға халықтың сенімін арттыру.

Семинар жұмысына қатысқандар аталған тақырыптар бойынша өз сауалдарын қойса департамент өкілі жолданған сұрақтарға толықтай жауап берді. 

Диас Ахметжанов – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы

 

хат жіберу