Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198263
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау үшін практикалық ұсыныстар

Үстіміздегі жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау үшін практикалық ұсыныстар» атты семинар ұйымдастырды, онда облыстық департтаменттердің, басқармалардың, инспекциялардың, аталған бағыт бойынша жауапты қызметкерлер қатысты.

Кездесу аясында Департамент басшысының орынбасары Ә.М. Досекенов қатысушыларды нормативтік-құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерін ішкі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингке практикалық қолдануда ерекше көңіл аударды.

Сондай-ақ, семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг бойынша алгоритм және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау туралы бірқатар мәселелер қозғалды, тәжірибелік мысалдар келтірілді.

Семинарға қатысқан мемлекеттік қызметшілер мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атай отырып аталған семинарлар тұрақты негізде жүзеге асырылуы тиіс деп пікір білдірді 

Диас Ахметжанов - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының бас маманы 

хат жіберу