Блог статистикасы
195
Жазбалар
4944
Өтініштер
198257
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ – біздің мақсатымыз

Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені Ата заңымызда жазылған. Осы асыл құндылықтардың сақталуы ең алдымен еліміздің әлеуметтік, экономикалық және құқықтық дамуы деңгейімен тығыз байланысты.

         Алайда, еліміздің толыққанды дамуына кедергісін келтіріп отырған сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамдық дерттердің бар екені айқын.

Біздің еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына соңғы уақыттарда маңызды өзгерістер енгізілу үстінде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа деңгейі болып, жаңа «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қабылдануы болып отыр.

Аталған Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлық дегеніміз – мемлекеттiк қызметшілердің және оларға теңестiрiлген лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық, қызметтік өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк немесе мүліктік емес игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу болып табылады.

Осы заңның ерекшелігі болып сыбайлас жемқорлықтың алдын алу процессіне барлық қоғамның атсалысатындығы болып отыр. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолынан келгенінше әрекет етуі қажет.

Бұл мақсатта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу заңнама жүзінде қарастырылған.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған немесе оған қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленіп отыр. Ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу келесідей мөлшерде белгіленеді: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша хабарлаған тұлғаға - 30 айлық есептік көрсеткіш (63630 теңге), онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 40 АЕК (84840 теңге), ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 50 АЕК (106050 теңге), ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 70 АЕК (148470 теңге), аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 100 АЕК (212100 теңге).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды.

Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген уақытта, қылмыстық істер бойынша айыптау үкімі заңды күшіне енген, ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру осы жолдағы негізгі қағидат ретінде бекіткендіктен, осы бағытта мемлекеттік органдардың ғана емес Қазақстан Республикасының әрбір тұлғасы қызмет етуі тиіс.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің www.kyzmet.gov.kz ресми сайтына, Костанай қаласы, Қасымханов көшесі 34 Департамент мекен-жайына, 8 (7142) 39-31-65 телефонына, +7-707-122-1494 WhatsApp, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаментінің 1424 сенім телефонына хабарласуларыңызға болады.

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласында бақылау басқармасының бас маманы Оташев Аза
хат жіберу