Блог статистикасы
195
Жазбалар
5033
Өтініштер
203444
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг бойынша тәжірибелік ұсыныстар» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары түсіндіру мақсатында үстіміздегі жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг бойынша тәжірибелік ұсыныстар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шарада сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының бас мамандары А.М. Шабденова және А.А. Жұмабаева қатысты.

Дөңгелек үстел аясында аталған басқарманың қызметкерлері сыбайлас сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері талқылады және сұрақтарға жауап берді.

 

А.Шабденова – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы

 

 

хат жіберу