Блог статистикасы
195
Жазбалар
5033
Өтініштер
203440
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу туралы бастауыш кәсіпкерлерге

Үстіміздегі жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ә.М.Досекенов «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлердің клубының отырысына қатысты. Кездесу барысында клубтың бизнес-жаттықтырушылары кездесу қатысушылары мен қонақтарына арналған тренингтер өткізді, клубтың қызметі мен болашақ жоспарлар туралы айтты, Ә.М.Досекеновке мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы ынтымақтастық туралы, мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдері, мемлекеттік қызмет мәселелерін реттейтін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары туралы сұрақтар қойды. «Тиімді мемлекеттік жастар саясаты - ел дамуының ең маңызды құралдарының бірі, өз азаматтарының әл-ауқатын өсуі мен әлеуметтік қарым-қатынастарды жақсарту. Өйткені жастар мемлекеттік инвестициялаудың ең перспективалы мақсаты болып табылады, сондықтан жастардың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени дамуы ел дамуының басым міндеттерінің бірі болып табылады», - деп Департамент басшысының орынбасары Ә.М.Досекенов өз сөзінде атап өтті. Осы мақсатта департамент қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру саласында аймақтағы жастар және бизнес ұйымдармен өзара әрекет етеді. Евгений Бедыч – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының жетекші маманы
хат жіберу