Блог статистикасы
195
Жазбалар
5033
Өтініштер
203469
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Әулиекөл ауданының мемлекеттік қызметшілерімен көшпелі кездесулер

2016 жылдың 13 мамырында Әулиекөл ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті өңірдің мемлекеттік қызметшілерімен және бюджеттік ұйымның жұмысшыларымен  көшпелі кездесу өткізді.

Департамент басшысының орынбасары Ә.М. Досекенов Чернигов, Сұлукөл және Новонежин ауылдық округтері тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді. Семинар аясында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі заңнамалары туралы практикалық қолдану бойынша түсініктеме жұмысын өткізді. Кездесуден кейін мемлекеттік қызметші «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.

Сонымен қатар жұмыс сапары аясында Департаменттің сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының бас маманы Р.С. Болат Құсмұрын ауылы ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметтің оң имиджін құру» тақырыбы бойынша Құсмұрын әкімі аппараты мамандарымен, «Болашақ-A» локомотив депосы қызметкерлерімен, сондай-ақ, УК 161/4 колониясы мемкемесінің ұжымымен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкер Әулиекөл ауданының кәсіптік-техникалық колледж оқытушылары мен студенттеріне Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелеріне назар аударды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жаңа заңнамасының алдын алу және профилактикалық іс-шаралар қолдану ережелерін түсіндірді және қатысушылардың өз жұмыс маңыздылығын түсініп, өз елінің патриоты болуға шақырды.

 

Евгений Бедыч – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының жетекші маманы 

хат жіберу