Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198355
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

ЖАНГЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР

Өткен аптаның жұмасында Жангелді ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ә.М. Досекенов өңірдің мемлекеттік қызметшілерімен және бюджеттік ұйымның жұмысшыларымен көшпелі кездесу өткізді.

Жұмыс сапары аясында Ә.М. Досекенов Жангелді аудан орталығындағы НұрОтан партиясы филиалында жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізді. Әртүрлі сұрақтарымен мемлекеттік қызметшіге 8 адам жүгінді, оларға Департамент өкілі толық жауап берді.

Сонымен қатар Торғай ауылының жергілікті үш мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Мәжіліс аясында Департамент өкілі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларыны негізгі ережелері туралы сөз қозғап қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

Евгений Бедыч - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының жетекші маманы

 

хат жіберу