Блог статистикасы
195
Жазбалар
4923
Өтініштер
194202
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН РӘСІМДЕУ ПРОЦЕДУРАСЫ

Жер учаскелерін рәсімдеу процедурасы бойынша әрекет алгоритмі

ҚР ЖК 43- бабы бойынша.

1.     ЖАО (ауданның, а/округтердің, ауылдың) өтініштерді қабылдау;

2.     Мақсатты тағайындауға өтініш білдіруді ЖТ пайдалану мүмкіншілігін анықтау үшін уәкілдік органдарға 3 жұмыс күн ішінде жіберу (жер қатынастары, сәулет және құрылыс);

3.     Осындай мүмкіншілікті белгілеу және жер комиссиясына (10 жұмыс күніне дейін) ұсыныс шығару;

4.     Комиссия қорытындысын қабылдау ( 5 жұмыс күн ішінде);

5.     Жерге орналастыру жобасын өтініш білдірушілерге дайындау (мерзімі заңнамамен белгіленбеген);

6.     Жерге орналастыру жобасын бекіту (7 жұмыс күн);

7.     ЖАО шешім жобасын дайындау (жер қатынастары);

8.     7 жұмыс күн ішінде ЖАО шешім қабылдау (оң, теріс);

9.     Өтініш берушіге ЖАО шешім көшірмесін жіберу (тапсыру) (5 жұмыс күні);

10.   Алып-сатудың, уақытша жерді пайдаланудың шартын бекіту (шешім қабылдаған күннен бастап 10 жұмыс күніне дейін);

11.   Мемлекеттік корпорацияның сәйкестендіру құжатын дайындау және

беру (6 жұмыс күні);

12.   Жергілікті жерде жер телімі шекарасын белгілеу;

13.   Әділет органдарында ЖАО шешімдерін, сатып-алудың, жалға

алудың шарттарын тіркеу (арыз берушінің өтініші бойынша 6 айдан кешіктірмей);

Өтінішті қараудың жалпы мерзімі 2 айға дейін.

Қазақстан Республика Жер Кодексінің «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» 44-1 бабына сәйкес мемлекеттік қызмет аясында 2 кезең негізінде жүзеге асырылады:

- 1 кезеңде сәулет өнері аясындағы ЖАО-ның құрылымдық бөлімшелерімен жер учаскесін таңдау актісі ұсынылады;

- 2 кезеңде жер қатынастары аясындағы ЖАТ-ның құрылымдық бөлімшелерімен жер-кадастрлық жоспары мен жер учаскесін жалдаудың шарты қоса тіркелген жер учаскесін беру туралы ЖАО-ның шешімі ұсынылады.

Берілген мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың толық тізімі және қызмет көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 270 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтің стандартында көрсетілген.

Мемлекеттік қызметтің стандарты мен реттемесі Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары Басқармасының www.uzo.kostanay.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.

хат жіберу