Блог статистикасы
195
Жазбалар
4291
Өтініштер
172201
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңір жаңалықтары

2019 жылғы 9 қаңтарда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» ММ жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізді.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:

1. Жиналыстың төрағасы мен хатшысын сайлау туралы;

2. Жергілікті комиссия мүшелеріне трансферттерді пайдаланудың нәтижелері туралы есеп беру, бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы есеп, жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдаланудың нәтижелері туралы есеп беру туралы;

Жиналыстың қорытындысы бойынша бірауыздан ШЕШТІ: Амангельды Каирбекович Макатов жергілікті қоғамдастық жиналысының төрайымы, Юрий Андреевич Миллер жиналыстың хатшысы ретінде сайлансын.

Бюджет қаражатын жұмсауды бақылау жөніндегі комиссияның мүшелері жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінетін бюджет қаражатын пайдалануды талдау нәтижелерін қарасын және олардың негізінде есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін мониторинг нәтижелері туралы есеп жасасын.

хат жіберу