Блог статистикасы
195
Жазбалар
3850
Өтініштер
162139
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңір жаңалықтары

«АУКЦИОН»

 

Жітіқара ауданының әкімдігі 6 жыл мерзіммен жер телімдеріне жалға беру құқығын сату бойынша 2 лот санында аукцион жүргізеді.

Аукцион 2019 жылғы 30 қаңтарда сағат 15:00 Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 6-шағын аудан, 65-үй, әкімдік ғимараты, шағын отырыс залы мекен-жайында өткізіледі.

         Аукционды өткізу әдісі – ағылшын, бағаны ұлғайту қадамы – жер телімін жалға беру құқығының бастапқы (ағымдағы) бағасынан - 9 %.

         № 1 ЛОТ –Жітіқара ауданы, Мүктікөл ауылы, Новая көшесі, 20-учаске мекен-жайы бойынша ангарды салу үшін, алаңы 0,0420 га жер телімі, лотты жалға беру құқығын сатып алудың бастапқы бағасы – 10 259 теңге, кепілдік жарнаның мөлшері – 924 теңге;

         №2 ЛОТ – Жітіқара ауданы, Тоқтаров ауылдық округі мекен-жайы бойынша ұзындығы 8,2 км КР-29 «Жітіқара-Қамысты-Ливановка» облыстық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін салу үшін, алаңы 31,0772 гектар жер телімі, лотты жалға беру құқығын сатып алудың бастапқы бағасы – 4 301 333 теңге, кепілдік жарнаның мөлшері – 387 120 теңге.

         Осы жер телімдеріне ауыртпалықтар – жоқ.

         Кепілдік жарна:

ЖСК KZ160705034630516006, БСК KKMFKZ2A, БСН 060140003781, «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ депозиттік шотына төленеді, алушы – «Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ.

Жыл сайынғы жалгерлік төлем жер салығының базалық мөлшерлемелеріне қолданылатын түзетуді ескере отырып, есептелетін жер салығының 100% мөлшерінде белгіленеді.

         Жер теліміне жалға беру құқығын сату шарттары: нысаналы мақсатына сәйкес міндетті пайдалану, санитарлық, өртке қарсы, экологиялық талаптарын, қауіпсіздік ережелерін, сауда туралы заңнаманы, заңнамада белгіленген басқа нормалар мен қағидаларды сақтау.

Сауда-сатыққа қатысуға өтінімдер Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Естай Есжанов көшесі, 13, 4-кабинет мекен-жайы бойынша ақпараттық хабарландыру жарияланған күнінен бастап 2019 жылғы 25 қаңтардың 17-00 сағатына дейін қабылданады.

         Аукцион қатысушысының билетін аукцион нөміріне ауыстыру Жітіқара қаласы, 6-шағын аудан, 65-үй, әкімдік ғимараты, шағын отырыс залы                           мекен-жайы бойынша 2019 жылғы 30 қаңтардың сағат 14-30 бастап сағат 15-00 дейін жүргізілетін болады.

         Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

1)    аукционда қатысу өтінімін;

2)    кепілдік жарнаның төленуін растайтын төлем құжатының көшірмесін;

3)    өкілдің өкілеттіктерін растайтын құжатты ұсыну қажет.

Көшірмелердің нақтылығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылады.

Анықтамалар үшін телефон: 2-22-96, 4-90-32.

 

 

 

 

 

 

 

хат жіберу