Блог статистикасы
195
Жазбалар
4428
Өтініштер
175569
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңір жаңалықтары

Қостанайлықтар "Qostanaı kómek alańy" жаңа кеңседе мемлекеттік қызметтерді ала алады

 

Қостанайда қалалық әкімдік ғимаратында орналасқан "Qostanaı kómek alańy" фронт-кеңсесі салтанатты түрде ашылды. Жаңа заманауи кеңсе енді "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетудегі орталық буынға айналады. Фронт-офис жаңа кедергісіз кеңістік.

Кеңсені салтанатты түрде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің басшысы Салауат Мүксімов ашты.

Айта кету керек, аталмыш фронт-кеңсе Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы: табыс пен өмір сүру сапасының артуы" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, азаматтардың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік аппаратқа қатысты тапсырмаларын көрсететін "Қостанай-адал алаңы" жобасын іске асыру аясында ашылды.

Фронт-кеңсенің ерекшелігі қызметтерді алудың жеделдігі мен ыңғайлылығы, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кедергісіз кеңістік, сондай-ақ ағымдағы өтініштерге жауап беру және қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету болып табылады.

Кеңседе сәулет, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ветеринария, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің өкілдері орналасқан. Жалпы, олар 103 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Енді облыс орталығының тұрғындары жергілікті атқарушы органдардың барлық қызметтерін бір жерден ала алады. Бұл ретте тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалған.

Қалалықтарға барынша қолайлы болу үшін күту залы, операциялық зал, ресепшн қарастырылған.

Сонымен қатар, кеңседе әйнектен жасалған кабинет жұмыс істейді, ол қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етеді, онда әкім мен оның орынбасарлары азаматтарды қабылдайды.

 

хат жіберу