Блог статистикасы
195
Жазбалар
4906
Өтініштер
190987
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңір жаңалықтары



«ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ


БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

 

Қостанай қ.                                                                                    2019 жылғы 6 қыркүйек


 

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауынан: «2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Әрқайсысыңызға мына нәрсені айтқым келеді: мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүзеге асырылуы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған. »

 

2020 жылдың 1 қаңтарында қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру моделіне (МӘМС) көшеді. Бұл ҚР Денсаулық сақтаудағы – экономиканың маңызды әлеуметтік саласындағы - соңғы 20 жылдағы ең негізгі реформа.

Бүгінгі таңда денсаулық сақтауға бөлінетін қаржыландыру халыққа тегін медициналық қызмет көрсетудегі барлық қажеттілікті толығымен жаба алмайды. Азаматтар жеке клиникаларға жүгінуге және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде тегін берілуі тиіс медициналық қызметтерге шығындануға мәжбүр. Бүкіл әлемде мұндай төлемдер «денсаулық сақтауға арналған қалта шығыстары» деп аталады. Қазақстанда қалта шығындарының үлесі 42 пайызды құрайды. ДДҰ критерийі бар, оған сәйкес дамыған елдерде осындай көрсеткіш 20 пайыздан аспауы тиіс. Біз бұл деңгейді екі есеге асып түстік.

Денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты бюджет тапшылығының себебі - технологиялар құнының өсуі, өмір сүру және туу ұзақтығының артуы,сондай-ақ созылмалы жұқпалы емес аурулар санының көптігі.

Медициналық сақтандырудың шешуге арналған басты міндет-азаматтардың «қалта шығындарын» азайту кезінде медицинаны қаржыландыру қажеттілігінің артуын қанағаттандыру.

2020 жылы МӘМС-дың енгізілуімен Қостанай облысының медициналық ұйымдарын қаржыландыру артады. Егер 2019 жылы облыстың бекітілген денсаулық сақтау бюджеті 41,1 млрд.теңгені құраса, ал 2020 жылға 53,7 млрд. теңге жоспарланған. Қаржыландыру медициналық көмектің келесі түрлері бойынша өседі:

- КШН кірмейтін, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету бойынша 5,5 есе;

- қалпына келтіру емі және медициналық оңалту бойынша 25,8 есе;

- стационарды алмастыратын көмек бойынша 1,9 есе;

- алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету бойынша 1,2 есе;

- паллиативтік көмек және мейіргерлік күтімді көрсету бойынша 5,7 есе.

Яғни, сақтандырылған азаматтар, ал болжам бойынша медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың үлесі жаңа жылда халықтың 95% - ын құрайды, айтарлықтай сапалы және қолжетімді медициналық қызметтерді ала алады.

Алайда МӘМС енгізу сақтандырылғандар мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін қолжетімді болатын кепілдік берілген тегін медициналық көмектің де өзгеруін қажет етті. Кепілдік берілген көлеміне алғашқы және шұғыл көмек, скрининг, шұғыл стационарлық көмек, негізгі созылмалы жұқпалы емес және әлеуметтік-маңызы бар ауруларды емдеу кіреді.

МӘМС шешетін келесі мәселе - медициналық қызметтің сапасы. Жаңа жүйені енгізумен медициналық қызметтер нарығында ойын ережелері өзгереді. Жүйеде қарым-қатынас сипаты басқа болады: мемлекеттік және жеке клиникаларға клиент үшін бәсекелесуге тура келеді. Қостанай облысының әлеуетті жеткізушілері базасында 74 медициналық ұйым бар, оның 36% -ы - жеке меншік. Ал белгілі болғандай, бәсекелестік қаншалықты жоғары болса, халық үшін көрсетілетін қызметтер сапасының өсуі соғұрлым тез жүреді.

Сапаны бақылауды қамтамасыз ету үшін медициналық сақтандыру қоры мен жүйелі үш деңгейлі сапа мониторингі жүргізіледі: біріншісі - клиникалық хаттамалар бойынша онлайн мониторинг, екіншісі - сарапшылардың шығуы, үшіншісі - негізінен өліммен аяқталғандар бойынша клиникалық аудит, сондай-ақ, пациенттердің қанағаттануын талдау.

ӘМСҚ шағымдарды басқарудың көп деңгейлі жүйесін жасайды. Осы мақсатта 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жеке байланыс - орталығы іске қосылды. Азаматтар 1406 нөмірі бойынша кез келген телефоннан тегін қоңырау шалып, медициналық көмек мәселелері бойынша кеңес ала алады, өтініш немесе шағым бере алады, медициналық қызметтерге қанағаттанушылығына баға бере алады.

Реформаны дайындаудың барлық негізгі кезеңдері өтті. МӘМС-ды іске қосу алдындағы соңғы тексеру 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қарағанды облысында пилоттық жобаны іске асыру болды. Пилоттың мақсаты-Ақпараттық жүйелерді интеграциялау қателері, жүйеге қатысушы мәртебесін дұрыс сәйкестендіру, сондай-ақ МӘМС жүйесі туралы қолжетімді ақпараттың болмауы жататын аса маңызды тәуекелдерді іске асыру кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау. Қазақстанның басқа өңірлерінде МӘМС жоспарланғандай, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін болады.

МӘМС-ды енгізу - сапа мен қол жетімділікті алға қоя отырып, медициналық қызмет нарығындағы ойын ережелерін түбегейлі өзгертуге әрекет.

 

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Қостанай облысы бойынша

филиалының директоры                                                С. Аймұхамбетова

 


хат жіберу