Блог статистикасы
195
Жазбалар
4460
Өтініштер
176278
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңір жаңалықтары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлер бiрлестiктерінің аккредитациясын өткiзу қағидаларын бекiту туралы»  2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысына, Жітіқара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 31 қаулысына сәйкес, «Жітіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ кәсіпкерлік бірлестіктерінің аккредитациясы жөнінде хабарлайды.

Аккредитацияны алу үшін өтініш берушіге мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

- белгіленген үлгідегі өтініш;

- салыстыру үшін түп нұсқасы берілмеген жағдайда, құрылтай құжаттардың және заңды тұлға ретінде бірлестіктің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлігінің немесе анықтаманың нотариалды расталған көшірмелері;

- бірлестік мүшелерінің тізімі.

Құжаттар хабарлама жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей Жітіқара қаласы, 6-шағын аудан, 65-үй, № 15 кабинет мекенжайында қабылданады.

Ақпарат 2-07-66 телефоны бойынша.

хат жіберу