Құрметті қала және аудан тұрғындары!
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2019 жылғы 1 маусымнан бастап 31 тамыз аралығында Жітіқара ауданында цифрлық сауаттылық бойынша тұрғындарға сабақ басталады.
Цифрлық сауаттылық бойынша сабақтар 6-шағын аудан, 32-құрылыс, № 12 орта мектеп мекенжайы бойынша өтеді.
Цифрлық сауаттылық бойынша оқуға жазылу 2019 жылғы 15 мамырдан басталады.
Цифрлық сауаттылық бойынша оқу курсынан өтуді қалайтындар Call-орталықтың 2-20-51 телефоны бойынша жазыла алады.
Жітіқара ауданы әкімінің аппараты