Блог статистикасы
195
Жазбалар
4288
Өтініштер
172116
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңір жаңалықтары

Құрметті жітіқаралықтар !

Келе жатқан Жаңа жылға арналған ізгі құттықтауымды

қабыл алыңыздар !        

        

    Жаңа жыл – үміт пен ең ардақты армандар орындалатын мереке. Және де өткенге көз салып, өтер жылдың кейбір қорытындыларын шығаратын уақыт.  

      Өткен жыл үлкен істер мен оқиғаларға толы болды. 2018 жыл - Астана жылы, біз елордамыздың 20 жылдығын, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы қабылданғандығының 25-жылдығын атап өттік, 25 жыл бұрын ұлттық валютамыз енгізілді. Қазақстан бүкіл әлемде қуатты, заманауи және құрметті мемлекетке айналды.

     Сонымен қатар Жітіқара ауданы үшін биылғы жыл мерейтойлы – ауданның құрылғанына 90 жыл. Жылды біз дамудың жақсы динамикасымен аяқтап отырмыз. Құрметті жерлестер, бұл сіздердің әрқайсыңыздың еңбектеріңіз!

    Әрбір жітіқаралық, әрбір отбасы үшін 2018 жыл жарқын және маңызды оқиғаларымен есте қалатынына сенімдімін. Алда бізді маңызды істер күтіп тұр, біз көп еңбектенуіміз керек. Келесі жылы біз Жітіқара қаламыздың 80-жылдығын атап өтеміз.

      Қойылған міндеттерді шешуге бағытталған, бірлескен күш-жігер бізді жаңа жетістіктерге жетейлейтініне сенімдімін. Өйткені, әрбір адам Жаңа жылдан тек жақсылықты күтеді. Бұл жарқын мереке біздің өмірімізге жан жылуымен толы болсын, баршаларыңызға жақын адамдарыңызбен қарым-қатынас жасау қуанышын сыйласын.

        

Қымбатты жерлестер!

 

          Баршамыздың шаңырағымыз үшін ең қуанышты және сүйікті – Жаңа жыл мерекесіне сәл ғана уақыт қалды, Сіздерге және Сіздердің туғандарыңыз бен жақындарыңызға бақыт пен амандық тілеймін.

         Жаңа 2019 жыл бәріміз үшін барлық жағынан: жаңа бастамаларда, жаңа армандарда, жаңа жетістіктерде жаңаша болсын! Жаңа жыл қуанышты сәттер мен жаңа жетістіктерге толы болсын. Осы ізгі және жылы тілектерімді қабыл алыңыздар.

         Жаңа жылдарыңызбен!

        

 

Жітіқара ауданының әкімі                                            А. Ибраев

хат жіберу