Блог статистикасы
195
Жазбалар
3850
Өтініштер
162139
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңір жаңалықтары

Біздің мектепте

«Аdal Dúken» ашылды.

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оқушылардың адалдық қасиеттерін тәрбиелеу мақсатында «Мұса Шожанов атындағы № 2 орта мектеп» КММ-де «Аdal Dúken»   жобасы іске асырылды.

Мұндай дүкендерді енгізу оқушылардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған.

«Аdal Dúkenі» өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесіне негізделген. Бұл дүкенде оқытушылар мен оқушылар өзіне қажетті заттарды (әзірше, азық-түліктер) сатып алады. Сатушылар мен касса апараттарының орнына, сатып алушылар кассалық жәшікке ақшасын қалдырып, есеп айырысады.

Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар «адалдық» қағидасы бойынша өзіне-өзі қызмет көрсетеді.

«Аdal Dúken» жобасы қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және оқушылардың   өз-өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік береді.

Бейтаныс адамның, бұл жағдайда дүкен иесінің сенімін ақтау өскелең ұрпақтың мінез-құлқының нормасы болуы тиіс.

Мектеп оқушылары осындай дүкеннің ашылуына қуанып, қызығушылығын танытты. Өскелең ұрпаққа сенім артқаны үшін, мектеп әкімшілігіне және ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

 

хат жіберу