Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
198072
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына!


           Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуді екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлеушілер немесе төлеушінің тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалар жүргізеді. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуге арналған төлем құжаттарында төлеуші тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органының – бенефициардың деректемелері көрсетіледі, мыналарды:

– кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 40-тарауына сәйкес халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын шығаруды не Қазақстан Республикасының аумағында Кодекстің 157-бабының 4-тармағында, 163-бабының 3-тармағында, 174-бабының 4-тармағында, 362-бабының 8-тармағында, 363-бабының 4-тармағында және 371-бабының 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталған кезде не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды дұрыс кедендік декларацияламай, заңсыз өткізуді қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталғанда, кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу осы мән-жайлар және (немесе) тауарларды заңсыз өткізу анықталған мемлекеттік кірістер органында жүргізіледі;

– тауарларды шығару орнында төлем жүргізетін жеке тұлғалар-бейрезиденттерді қоспағанда төленеді.

Төлеушінің тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалар кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеген кезде төлем құжатының төлем мақсатында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жүргізілетін төлеушінің толық атауын, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірін қосымша көрсетеді.

Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу Қазақстан Республикасы кірістерінің бірыңғай бюджеттік жіктемесінің кірістердің тиісті коды "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 тіркелген) бойынша жеке жүргізіледі (бұдан әрі – бюджеттік сыныптама кодтары).

Төлеушілер кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды бюджетке төлеуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 тіркелген) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларымен айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

    

   «Жетіқара» кеден бекеті


хат жіберу