Блог статистикасы
195
Жазбалар
4923
Өтініштер
194182
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

АСТАНА-1 АЖ іске асыру туралы

 

2018 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 597 бұйрығымен «тауарлар экспорты» кедендік рәсімі,  ал 01 сәуірден бастап басқа кедендік рәсімдер бойынша «АСТАНА-1» АЖ іске қосылды.

«Астана-1» АЖ сандық технологияларды ауқымды енгізу үрдісінде Ұлт жоспарының 38-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленген.

Аталмыш жүйені енгізу бірыңғай ақпараттық платформада отырып, декларанттарға кедендік ақпаратқа online қолжетімділік алуға мүмкіндік береді,  қашықтықтан е-декларациялауды қамтамасыз етеді,рәсімдерді оңтайландыру және жеңілдетуге мүмкіндік береді және кедендік тазартудың қағазсыз тәсіліне көшуге әсер етеді. Оnline декларациялау тауарларды кедендік тазарту бойынша декларант және маман арасындағы тікелей байланысты болдырмайды, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға әкеледі.  «Астана-1» АЖ артықшылығы автоматты тіркеу ғана емес, сондай-ақ жасыл дәліз бойынша декларацияларды автоматты түрде шығару болып табылады. Жүйе пайдаланушыларға тегін жүргізіледі.

«АСТАНА-1» АЖ кез келген операцияларды – алдын ала ақпаратты беруден бастап  тауарды шығарғаннан кейін бақылауға дейін жүргізуге мүмкіндік береді, бұл деректерді өңдеуді жеделдетеді.

2017 жылдың 1 қазанынан бастап «Кедендік транзит» бағыныңқы жүйесі тәжірибелі пайдалануға енгізілді, ол шекарада өткізу пунктінде барлық кедендік операцияларды: алдын ала ақпараттандыру, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану, өзге мемлекеттік органдарды бақылау, тауарлар транзитімен байланысты кедендік рәсімдерді жасауды қамтамасыз етеді.

Барлық сұрақтар бойынша «Жетиқара» кеден бекетіне, 2-27-18 телефонына хабарласуға болады.

                                                                                                «Жетиқара» кеден бекеті

хат жіберу