Блог статистикасы
195
Жазбалар
4921
Өтініштер
193273
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жеңіл автомобильдер бойынша кеден заңнамасының талаптары

 

 Қазіргі уақытта халық жеке пайдалануға арналған жеңіл автомобильдерді әкелу мүмкіндіктерін білуге белсенділік танытуда.

Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен - Армения, Беларуссия, Ресей және  Қырғыстаннан әкелінетін автомобильдер бойынша және сондай-ақ үшінші елдерден әкелінетін автомобильдер бойынша сұрақтар жиі қойылуды.

Үшінші елдерден әкелінетін автомобильдер, яғни шетелдік автомобильдерді шетел азаматтары еш қандай төлемдерді төлемей бір жылға әкелуіне болады. ЕАЭО мүше мемлекеттерінің азаматтары бір жылға  қаржылық кепілдікпен тек төлемдерді қамтамасыз еткен жағдайда ғана шетелдік автомобильдерді уақытша әкеле алады.

Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағына 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін Қырғызстанда рәсімделген автомобильдерді және 2014 жылғы 10 қазанға дейін Арменияда рәсімделген автомобильдерді әкеле алады.

Қырғызстанда 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде, және Арменияда 2014 жылғы 10 қазаннан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде рәсімделген автомобильдер шетелдік тауарлар болып табылады және кедендік бақылауға жататынын ескерген жөн.

Көрсетілген автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына тек Қырғызстанда және Арменияда тұрақты тұратын тұлғалар уақытша әкеле алады.

Қырғызстанда және Арменияда тұрақты тұрмайтын тұлғалар көрсетілген автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына мына жағдарларда әкеле алады:

1)      «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты кейбір мәселелер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімге 2-қосымшада көрсетілген мөлшерлемелер бойынша төленуге жататын кедендік баждар, салықтар сомаларының айырмасы мөлшерінде кедендік баждарды, салықтарды төлегеннен кейін және кедендік баждар, салықтардың сомалары төленген жағдайда;

2)      Армения үшін – 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін;

3)      Қырғызстан үшін – 2025 жылғы 1 қаңтардан кейін.

Бүгінгі күні нарықта Моңғолиядан бұрын әкілінген және кейіннен Қазақстанның ішікі істер органдарында тіркеу есебіне заңсыз қойылған автомобильдер бар екенін атап өту қажет. Осындай автокөлік құралдары шетелдік тауар  болып есептеледі және олар бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Автомобильдер сатып алу кезінде, азаматтарға  аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну жолымен кедендік тазартудан өткендігі және автомобильдердің заңды әкелінгенін тексеріп алуға кеңес береміз.

«Жетіқара» кеден бекеті 

хат жіберу