Блог статистикасы
195
Жазбалар
4888
Өтініштер
190723
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Құрметті пәтердің меншік иесі (жалға алушы)

Құрметті пәтердің меншік иесі (жалға алушы)

Әр тұтынушы заңнаманы, сондай-ақ құқықтары мен міндеттерін біле отырып, құқықтық сауатты болуы тиіс.

Сіз, пәтердің меншік иесі (жалға алушы) ретінде өз үйіңізге қызмет көрсетуге, өз кезегінде адамдардың тұру сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ортақ мүлікті сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға міндеттісіз.

Сіз тұрғын үйді және үй маңындағы аумақты күтіп ұстау бойынша коммуналдық-шаруашылық қызметті тұтынушы ретінде мыналарды:

1)    өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз, мүлкіне зиян келтірмейтін белгіленген сападағы қызметті алуға;

2)    аталған көрсеткіштерді бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардан көрсетілетін қызметтердің құнын (тарифтерін) белгілеу тәртібі  туралы ақпаратты алуға;

3)    егер көрсетілетін қызметті беруші белгіленген тәртіпте шот бермеген болса, алған қызметке ақы төлемеуге;

4)    көрсетілетін қызметті берушіден қызметтерді көрсетудегі кемшіліктер салдарынан болған шығындарды және өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды толық көлемді өтеуін, сондай-ақ моралдық зиянды өтеуін талап етуге;

5)    шартта белгіленгеннен артық уақыты үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлемеуге;

6)    уақытылы төлем жүргізілген жағдайда қажетті көлемде энергияны пайдалануға құқылысыз.

 

Кондоминиумды тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

Біріншіден, пәтердің меншік иелерінің жалпы жиналысын өткізу қажет, онда:

- кондоминиумды тіркеу туралы шешім қабылдау;

- әр меншік иесінің үлесін есептеу;

- кондоминиумды тіркеу үшін уәкілетті адамды таңдау қажет.

Жалпы жиналыс нәтижелері бойынша хаттама толтыру керек.

Екіншіден, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жүргізілген жалпы жиналысы негізінде тіркеуші әділет органына мынадай құжаттарды:

1)    өтінішті;

2)    әр меншік иесінің үлесін есептеуді қоса бере отырып, тұрғындар жиналысының хаттамасын;

3)    техникалық паспортты (көшірмесін);

4)    жер актісін (көшірмесін);

5)    жалпы жиналыстың хаттамасына сәйкес уәкілетті адамның жеке куәлігін (көшірмесін) ұсыну қажет.

Кондоминиум әділет органында тіркелгеннен кейін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кондоминиум құрылған күнінен бастап бір ай  мерзімінде жалпы жиналыста кондоминиум объектісін басқару нысаны туралы мәселені шешуге тиіс.

Кондоминиум объектісін басқару нысаны оған қатысушылардың келісімімен анықталады. Ондай нысандар:

1)    егер барлық меншік иелерінің саны жиырма адамнан аспаса, олардың бірлесіп басқаруы;

2)    үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативі;

3)    кондоминиум объектісін үшінші (бөгде) тұлғалардың: сайланбалы немесе жалдамалы жеке тұлғалардың – тұрғын үйлерді басқарушылардың (менеджерлердің) немесе заңды тұлғалардың басқаруы;

4)    Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де нысандар болуы мүмкін.

Кондоминиум объектісін басқару органы мынадай функцияларды:

1)    үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының өткізілуін, жазбаша сауалнама жүргізуді ұйымдастыруды;

2)    үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының хаттамаларын және жазбаша сауалнама жүргізу кезіндегі дауыс беру парақшаларын ресімдеуді;

3)    үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысы шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруды;

4)    сервистік қызмет субъектілерімен шарттар жасасуды және олардың орындалуын бақылауды;

5)    кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі мәселелері бойынша үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің мүдделерін білдіруді;

6)    Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

Сіз тұтынушы ретінде тұрғын үйді және үйдің маңындағы аумақты күтіп ұстау бойынша жауапты боласыз.

Сіз:

-         көрсетілетін қызметті көрсетушімен жеке шарт жасасуға;

-         тұрғын үйдің бұзылуына және бүлінуіне жеткізбеуге, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтірмеуге;

-         тұрғын үйлердегі тұрғын және тұрғын үйге жатпайтын үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау үшін сәулет және қала құрылысы жөніндегі  уәкілетті органнан келісім алуға;

-         үйдің жалпы мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстарға қатысуға және оларды ай сайын төдеуге;

-         көрсетілетін қызметтерді пайдалану барысында қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтауға;

-         аварияларды жою, есептеу мен бақылау құралдарын тексеру үшін электр, жылу, сумен жабдықтау, кәріз коңдырғыларымен жұмыс істеуге құқығы бар көрсетілетін қызметті көрсетушілердің немесе мамандандырылған  кәсіпорындардың өкілдеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге.

-         Пәтерден, жеке үйден шығу кезінде шығатын күнге дейінгі барлық пайдаланылған қызметтер үшін есеп айырысуға тиістісіз.

 

Сізге:

-         көрсетілетін қызметті көрсетушінің келісімінсіз пәтер ішіндегі желілерді, инженерлік жабдықтар мен құрылғыларды қайта жабдықтауға;

-         рұқсатсыз үйдің ішіндегі желілері қуатынан асып түсетін тұрмыстық электр аспаптары мен машиналарын, сондай-ақ пайдалануда қауіпті және санитариялық-гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін тұрмыстық аспаптар мен жабдықтарды орнатуға, қосуға және пайдалануға, энергияны есепке алу схемасын бұзуға;

-         жылу жүйелеріндегі жылу тасығышты тікелей мақсатта пайдаланбауға (жылу жүйелерінен және аспаптарынан суды ағызып алуға) тыйым салынады.

 

Коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорын сапасыз қызмет көрсеткен жағдайда, тұтынушы «Тұтынушылардың құқықтарын өорғау туралы» ҚР Заңының 22-бабына сәйкес шағым беруге құқылы, сондықтан тұтынушы өзіңіздің құқығыңызды қорғауға көмек көрсететін жазба шағымның типтік нысанын назарға алыңыз.

 

 

хат жіберу