Блог статистикасы
195
Жазбалар
4863
Өтініштер
189884
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Үзілген байланыстар


Қалай айтсақ та, ғаламтор болмаған кезде біз әлемнен, жұмыстан, достарыңнан қол үзіп қалғандай боласың. Мұның барлығы неге байланысты, не себепті дейсіз ғой? Ол сапасыз көрсетілген қызметке келіп тіреледі. Ғаламтор қызметі үшін еңбекпен тапқан ақшамыздан «жырып» төлеймыз ғой, сонда не үшін байланыстан ажыраумыз керек? Егер сіз де осындай жағдайға тап болсаңыз, не істейсіз? Жауапсыз провайдерқолайсыздығы үшін жауап беруі тиіс, келтірілген шығындар моральдық немесе қаржылық жағынан қалай өтелмек?

Алдымен, желілік қызметті ұсыну туралы шарт бойынша өнім беруші, тұтынушыны желге қосу және желіні пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету қызметтерін ұсынуға міндеттенетінін, ал желілік қызметті тұтынушы оның ақысын төлеу міндетін мойнына алатынын білу керек. Бұл ретте шарт жасаса отырып, Сіз оны мұқият зерделеуіңіз керек. Атап айтқанда, провайдердің сізге қандай ғаламтор жылдамдығын уәде еткеніне назар салыңыз. Әдетте, келісімде, мәселен, 128 kbit/s, дейін немесе 1000 kbit/s,  дейін болса, егер Сіздегі ғаламтор жылдамдығы көрсетілгеннен сәл аздау болса, айтарлықтай айырмашылық болмаса, онда шағым да негізсіз болады, өйткені провайдер «дейін» дегенді келтіре отырып, өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Десек те, тарифтік жоспарлаға байланысты белгілі градациялар бар, егер Сіздегі ғаламтор жылдамдығы арзан тарифтің дейгйінен түсіп қалса, онда желілік қызметті тасымалдаушыға шағымдануға толық құқығыңыз бар. Ғаламтордың нақты жылдамдығын өлшеу қолжетімді және көптеген желілер арқылы оны еш қиындықсыз және ақысыз жасай аласыз. Ал егер шартта «дейін» сөз болмаса, онда Сіз ғаламтор жылдамдығының көрсетілген деңгейден төмендемеуін талап ете аласыз.

Сонымен бірге, шарт жасасу барысында, сіздің тарифтік жоспарыңыздың трафикасыкөлемінің және лимит таусылғаннан кейінгі жылдамдық тарификацияның қандай болатынын біліп алыңыз. Егер, сіздің лимитіңіз аяқталғаннан кейін әрбір пайдаланылған мегабайтқа ақылы тарификация жүретін болса, онда лимит біткеннен кейін, байланысты автоматты түрде үзуге өтініш жазғаныңыз артық болмайды. Әйтпесе, Сіз шығынға белшеден батуыңыз мүмкін. Келісімде бәрі алдын ала жазылып қойылғандықтан, артынан ақшаңызды қайтарып ала алмайсыз. Сондықтан, алдын ала қамданып, өзіңізді сақтандырғаныңыз жөн.  

Сіз ғаламтор қызметін көрсететін белгілі бір компаниямен шарт жасасасыз, егер сапасыз қызмет көрсетілген болса, онда сондай сапасы қызметтер туралы мәліметтерді көрсете отырып, аталған компанияға шағымдана аласыз. Ал егер шағымыңызға жауып берілмесе, онда келтірілген шығындар мен моральдық өте-мақаны өндіру үшін сотқа арыздана аласыз.

Өкінішке орай, бүгінгі күні ғаламтор қызметін ұсынуға байланысты белгілі бір заңнамалар жоқ, сондықтан бұл қызмет Конституцияның жалпы негізі бойынша, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңмен және «Байланыс туралы» Заңмен реттеледі.

Мысалы, «Байланыс туралы» Заңның 35-бабының 1-тармағында байланыс операторлары пайдаланушыларға сапасы жағынан стандарттарға, техникалық нормаларға, байланыс қызметін көрсету шартының талаптарына сәйкес келетін байланыс қызметтерін, оның ішінде интернет қызметін көрсетуге міндетті.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚРЗ-ның 10 және 25-баптары провайдер тұтынушыға өз мекемесінің фирмалық атауы, орналасқан жері және жұмыс тәртібі туралы толық ақпарат беруге міндетті. Соныме қатар, өз қызметері туралы толық мәлімет беруі тиіс. Алдағы уақытта, мәселен лимит таусылғаннан кейін одан әрі пайдаланғаныңыз үшін қымбат бағада ақша төлейтініңізді білмей қалмас үшін толық мәлімет алу керек. Дегенмен мына жайды да ескеруіңіз керек, қызмет көрсетуші бұл турлы келісімде көрсеткенмен, сіз оны оқымай қалсаңыз, қызмет көрсетуші Сізді ақпаратты сіздің назарыңызға жеткізді деп есептеледі. Ал Сізге көрсетілген есеп бойынша бәрібір төлем жасауға тура келеді.

Бұдан өзге, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР-ның Заңының 34, 35-баптарында көрсетілетін қызметті сапасыз орындағаны немесе орындамаған кездегі тұтынушының құқықтары айқындалады. Егер провайдер қызмет көрсетуге уақытында кіріспесе, келісімде көрсетілген талаптар бойынша ғаламторға кіру мумкін болмаса, немесе қызмет көрсету барысында қызметтің мерзімінде көрсетілмегені анықталса, сонымен қатар қызмет кеш көрсетілсе, онда тұтынушының өз қалауы бойынша:

-тұтынушы кемшіліктерді жою үшін жаңа мерзім тағайындауға және атқарушы белгіленген сол уақытта орындамаса, келісімшарттан бас тартуға немесе атқарушы есебінен түзетуді қажет ететін жұмыстарды үшінші тұлғаға беруге, сондай-ақ, шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

-келісімшартты бұзу кезінде жұмыстарды уақытылы орындамаса, атқарушы жұмысты орындау үдерісінде кеткен өз шағындарын қайтаруды,сондай-ақ, орындалып қойған төлем ақы талап етуге құқығы жоқ.

хат жіберу