Блог статистикасы
195
Жазбалар
4876
Өтініштер
190198
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Муксимов Салауат Силибаевич
Руководитель Департамента

Байланыс ақпараты

Адрес: 110000, город Костанай, улица Касымханова, 34 Телефон канцелярии: +7 (7142) 392-861, факс: 392-861, эл.адрес mgskos@mail.ru Рабочий...

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Муксимов Салауат Силибаевич
Руководитель Департамента

Байланыс ақпараты

Адрес: 110000, город Костанай, улица Касымханова, 34 Телефон канцелярии: +7 (7142) 392-861, факс: 392-861, эл.адрес mgskos@mail.ru Рабочий...

Қазақстандағы  депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы

Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің мақсаты - Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде қатысушы банкті мəжбүрлеп тарату жағдайында салымшыларға міндетті өтем төлеу арқылы банк жүйесіне деген сенімді қолдау болып табылады. Депозиттерге кепілдік беру мəселелері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңымен жəне Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Заңымен реттеледі.

Жалғыз акционері жəне құрылтайшысы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (əрі қарай – ҚДКБҚ) сот шешімі бойынша банк қызметі тоқтатылған жағдайда салымшы жеке тұлғаларға олардың банктік депозиттері бойынша мемлекеттік кепілдіктің ең жоғарғы сомасы мөлшерінде өтем төлейді.

Кепілдік ұлттық жəне шетел валюталарындағы депозиттерге таралады. Жеке тұлғалардың, соның ішінде заңды тұлға құрмаған жеке кəсіпкерлердің, ұлттық жəне шетел валюталарындағы банк шоттарында жəне салымдарында орналасқан ақша қаражаттарына кепілдік беріледі, соның ішінде мерзімді депозиттер, талап етілгенге дейінгі депозиттер, шартты депозиттер; ағымдағы шоттардағы жəне төлем карталарындағы ақша қаражаттары.

Бір салымшының əр банктегі барлық депозиттері мен банктік шоттары бойынша мемлекеттік кепілдік келесі мөлшерді құрайды:

ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 миллион теңгеге дейін,

шетел валютасындағы депозиттер бойынша (қатысушы банкті мəжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күні қалыптасқан валюта айырбастау бағамы бойынша баламада) 5 миллион теңгеге дейін.

Егер салымшының бір банкте түрі мен валютасы бойынша əр түрлі бірнеше кепілдендірілген депозиттері бар болса, онда мемлекеттік кепілдік мөлшері 10 миллион теңгеден аспайды.

Егер Сіздің депозитіңіздің балансы 10 миллион теңге сомадан немесе шетел валютасындағы депозиттеріңіз бен шоттарыңыз бойынша 5 миллион теңгеден (баламамен) асатын болса, онда ҚДКБҚ өтемнің ең жоғарғы сомасы шеңберінде өтем төлейді. Салымшы ҚДКБҚ-нан өтем алғаннан кейін осы сомадан асатын қалдықты мəжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы заңнамамен бекітілген кезек тəртіппен өтейді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың шоттарын ашуға жəне жүргізуге ҚР Ұлттық Банкінен лицензия алған əрбір банк, ислам банктерін қоспағанда, автоматты түрде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, демек осындай банкке орналастырылған депозит ҚДКБҚ-ның қорғауында болады.

Банктік заңнамаға сəйкес мемлекеттік кепілдік сыйақыға таралмайды, яғни сыйақы мəжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясымен өтеледі.

Заңнама бойынша жəне жалпы қалыптасқан банктік тəжірибе бойынша, егер банктік депозит шарты бойынша сыйақыны капиталдандыру қарастырылған болса, онда капиталдандырылған сыйақы депозит балансына қосылады жəне кепілдік объектісі болып табылады.

Толық мәліметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалынан, 8(7142)53-27-89, 53-31-11 телефондары арқылы алуға болады.

ҚР Ұлттық Банкінің

Қостанай филиалы

 

хат жіберу